Аракан мұсылмандары алаңдап отыр

Аракан мұсылмандары Мьянмадағы әскери төңкерістен кейін жақындарының қауіпсіздігіне алаңдайтындарын айтты.

1577321
Аракан мұсылмандары алаңдап отыр

Бангладештегі лагерьлерде тұратын Аракан мұсылмандары Мьянмадағы әскери төңкерістен кейін жақындарының қауіпсіздігіне алаңдайтындарын айтты.

Аракан Ұйымшылдық ұйымының басшысы Мұхаммед Ейюп Хан «Төңкерісті қолдамаймыз. Демократияны жақтаймыз және әрқашан демократияның жанындамыз» деді.

Хан аракандықтардың әрі әскери, әрі азаматтық лауазым иелерінің залымдығына душар болғандарын білдіріп: «Аун Сан Чжидің партиясы Ұлттық Демократия одағы да Аракандағы қырғынды тоқтата алмады» деді. Ол билікте кімнің болғанына қарамастан азшылдардың құқықтары үшін күресті жалғастыратындарын тілге тиек етті.

2017 жылы армияның қысымынан кейін күш қолдану мен залымдықтан қашқан Мұхаммед Ансар «Мьянма армиясы қайтадан бір операция бастай ма деп қорқамыз» деді.

Аракандық Жумалида Бегум де хабарласу құралдары үзілгеннен кейін ағайындарымен байланысқа өте алмағандарын, армияның тағы да шабуыл жасауынан қорыққандарын айтты.

Рахмет Керим болса кері оралудың енді мүмкін емес екендігін білдірді.

Мьянма армиясы 1 ақпан күні билікті өз қолына алып, бір жылдық төтенше жағдай жариялады.



Ұқсас жаңалықтар