Мьянмада ел билігі әскерлердің қолында

Әскерилер төңкеріс жасады.

1574727
Мьянмада ел билігі әскерлердің қолында

Мьянма армиясы ел билігін өз қолына алды.  Армия елді бір жыл басқаратынын білдірді.

Мемлекет басшысы Вин Миинт пен Мемлекеттік кеңес төрағасы, Сыртқы істер министрі Аун Сан Су Чжи тұтқынға алынды.

Мьянма армиясы хабарлама жариялап, таңғы уақытта болған тұтқындаулардан кейін төңкерісті растады. Ел билігі енді Бас штаб басқармасы төрағасы Мин Аунг Хлаингтің қолында.

Төңкерістен кейін елде төтенше жағдай жарияланды. Мьянма бір жыл бойы әскери әкімшілік тарапынан басқарылады.

Мьянмада армия биліктегі партияның жеңісімен аяқталған сайлауға заңсыздық араласты деген болатын. Талас жүріп жатқанда Бас штаб төрағасы заң дұрыс орындалмаса, Атазаңның күшінен қалатынын жариялаған еді.



Ұқсас жаңалықтар