Ұлыбритания Түркия мен Грекия арасындағы келіссөздерді қолдағанын білдірді
Ұлыбритания Грекия мен Түркия арасындағы келіссөздердің қайта басталуына жоғары баға берді.
Ұлыбританияның Еуропаға жауапты мемлекеттік министрі Вэнди Мортон келіссөздердің Жерорта теңізінің шығысының тұрақтылығы мен бейбітшілік үшін маңызды бір қадам екенін атап көрсетті.
Министр Вэнди Мортон өзінің хабарламасын Твиттер аккаунтынан жариялады.
Хабарламасында Ұлыбританияның аймақтық шиеленісті азайтуды қолдайтынын мәлімдеген Мортон «Түркия мен Грекияның зерттеушілік келіссөздерін қайта бастауы және келіссөздерді жалғастыруға бағытталған ортақ көзқарасты қуанышпен қарсы аламыз» деді.
Ұқсас жаңалықтар
Карл Скау «Ашаршылық қаупі төнуде» деді
Карл Скау «Егер маңызды өзгеріс болмаса, мамыр айында үлкен ашаршылық болады» деп ескертті.
Хоуситтер Израильдің бір кемесін атқандарын хабарлады
Хоуситтердің әскери мәлімдемешісі Израильдің «MSC Darwin» атты кемесін атқандарын мәлімдеді.