Шығыс елдеріндегі вирустың жағдайы

Үндістанда жаңа типті коронавирус індеті салдарынан 154 мың 47 кісі көз жұмды.

1573375
Шығыс елдеріндегі вирустың жағдайы

Әлем көлемінде коронавирус салдарынан өлім-жітім екі миллион 201 мың 410-нан асты. Вирус жұқтырғандар саны 102 миллион 61 мың, сауығып кеткендердің саны 73 миллион 910 мыңға жетті.

Үндістанда жаңа типті коронавирус індеті салдарынан 154 мың 47 кісі көз жұмды. Елде вирус жұқтырғандар саны 10 миллион 720 мың 971 болып тіркелді. 

Жапонияда Ковид-19 эпидемиясы салдарынан қайтыс болған адам саны 5 мың 361-ге жетсе, вирус жұқтырғандар саны 375 мың 607-ге көбейді.  Жапония парламенті коронавируспен күресу аясында 183,8 миллиард долларлық қосымша бюджетті бекітті.  

Оңтүстік Африкада жаңа типті коронавирус індеті салдарынан қайтыс болған адам саны 43 мың 105-ке ұласты. Елде вирус жұқтырғандар саны 1 миллион  437  мың 798 болып тіркелді.

Ковид-19 эпидемиясы салдарынан 2 мың 62,  Ливанда Мароккода 8 мың 224 кісі қайтыс болды. 

 

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар