Әлемде коронавирус

Ұлыбритания - Еуропада коронавирустан ең көп адам қайтыс болған ел.

1572692
Әлемде коронавирус

Коронавирус салдарынан қайтыс болған адам саны әлем бойынша екі миллион 184 мың 400-ден асты.  Вирус жұқтырғандардың саны 101 миллион 447 мыңнан, сауығып кеткендердің саны 73 миллион 337 мыңнан асты.

Америка Құрама Штаттарында пандемия салдарынан қайтыс болғандардың саны 439 мың 521-ге, вирус жұқтырғандардың саны да 26 миллион 166 мың 423-ке жетті. Ақ Үй Ковид-19-пен күрес күші келесі төрт апта ішінде коронавирус салдарынан елде 90 мың адамның қайтыс болуы мүмкін екенін білдірді.  Ақ Үй баспасөз хатшысы Джен Псаки де эпидемияның Қытайда ортаға шыққаны жөніндегі тергеуге байланысты «Қытайдағы кейбір дерек көздерден қате мәліметтер тарағанын байқадық және бұл жағдай біз үшін алаң туғызады. Коронавирустың Қытайда ортаға шыққанына байланысты өте терең тексеру жүргізу керек» деді.

Ұлыбританияда вирус салдарынан соңғы 24 сағатта 1725 адам қайтыс болды. 25 мың 308 жаңа оқиға тіркелді.  Елде өлім-жітім 101 мың 887, вирус жұқтырған адам саны болса үш миллион 715 мың 54 болды. Ұлыбритания - Еуропада коронавирустан ең көп адам қайтыс болған ел. Премьер-министр Борис Джонсон вирустың жаңа штаммдарының елге келуінің алдын алу мақсатымен саяхат шектемесі қойылған елдерден келген ағылшын азаматтарының карантинге алынатынын білдірді.

Францияда коронавирус салдарынан соңғы бір тәулікте 351 адам қайтыс болды.  Өлім-жітім 74 мың 456 болды.  Бір күнде 26 мың 916 жаңа оқиға тіркелді. Осылайша вирус жұққан адам саны үш миллион 106 мың 859-ға жетті. Үкімет баспасөз хатшысы эпидемияның елде жылдам тарауды жалғастырғанын және Ұлыбританияда анықталған жаңа штамм жұққан адам санының да арта түскенін айтты. Ол шаралардың қатаятынын білдірді. Биліктегі Республика шеруі партиясы мәжілісте 2020 жылдың 17 наурыз күні құрылған эпидемия алып келген проблемаларды шешуге байланысты комиссияны таратты. Комиссияның таратылуына оппозиция партиялары наразылық білдірді.

Пандемия себебімен 2 мың 821 адам қайтыс болып, 91 мың 555 адам вирус жұқтырған Солтүстік Македонияда коронавирустың Ұлыбританияда анықталған жаңа штаммы байқалды.

Ковид эпидемиясында Испанияда өлім-жітім 57 мың 291-ге,  Канадада 19 мың 511-ге жетті.



Ұқсас жаңалықтар