Халилзад міндетін жалғастырады

Энтони Блинкен арнайы өкіл Халилзадтың Ауғанстанның бейбітшілігі үшін көрсеткен еңбегінің маңызды екеніне тоқталды.

1573185
Халилзад міндетін жалғастырады

АҚШ-тың Ауғанстан Бейбітшілік арнайы өкілі Залмай Халилзад жаңа президент Джо Байден билігінде де міндетін жалғастырады.

АҚШ-тың жаңа Сыртқы істер министрі Энтони Блинкен баспасөз мәслихатында Залмай Халилзадтың міндетін жалғастыруын сұрағандарын айтты.

Энтони Блинкен арнайы өкіл Халилзадтың Ауғанстанның бейбітшілігі үшін көрсеткен еңбегінің маңызды екеніне тоқталды.

АҚШ пен Талибан арасында 2020 жылы ақпан айында қол қойылған бейбітшілік келісімін қайта қарайтындарын айтқан Блинкен келісімде қандай тақырыптар мен қайсы кепілдіктер орын алғаны зерттелетінін хабарлады.

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп әкімшілігі кезінде 2018 жылы елінің Ауғанстан бейбітшілік арнайы өкілі міндетіне келген Халилзад Талибан мен АҚШ арасындағы келіссөздерді жүргізді.    



Ұқсас жаңалықтар