«BioNTech» вакцинасы мутацияға ұшыраған вирусқа қарсы тиімді

«Pfizer» мен неміс «BioNTech» компаниялары мәлімдеме жасады.

1573108
«BioNTech» вакцинасы мутацияға ұшыраған вирусқа қарсы тиімді

Американдық фармацевтикалық компания «Pfizer» мен неміс «BioNTech» компаниясы жаңа типтегі коронавируспен (Ковид-19) күрес шеңберінде өндірген вакцинасының Ұлыбритания мен Оңтүстік Африкада байқалған вирустың мутацияға ұшыраған түріне қарсы да тиімді екенін білдірді.

Компаниялардың бірлескен мәлімдемесінде Техас Университетінің Медицина кафедрасы мен «Pfizer» компаниясының ортақ зерттеуіне орын берілді.

Ковид-19 вирусы және Ұлыбритания мен Оңтүстік Африкада кейбір науқастарда байқалған мутацияға ұшыраған вирустың түрінің анықталғаны білдірілген мәлімдемеде вирустар арасындағы «шамалы айырмашылықтардың» вакцинаның әсерін айтарлықтай төмендеуіне жол ашу ықтималының өте аз екені атап көрсетілді.

Мәлімдемеде «BioNTech» және «Pfizer» мутацияға ұшыраған вирус қазіргі уақытта қолданысқа енген вакцинаны инактивациялайтындығы туралы дәлелдер шығып жатса, оған сол кезде жауап қайтарылатынын еске салды.

Компаниялардың ковид-19-дың жаңа түрелеріне қарсы вакцинаның «тиімділігін» бақылаудың жалғасатыны атап көрсетілген мәлімдемеде «mRNA» негізді вакцинаның икемділігінің қажет жағдайда жаңа вакциналар жасауға өте қолайлы екендігі баса айтылды.



Ұқсас жаңалықтар