Путин «Жаңа СТАРТ келісімін» Думаның бекітуіне ұсынды

Тақырыппен байланысты Думаның интернет парақшасында мәлімдеме жасалды.

1571904
Путин «Жаңа СТАРТ келісімін» Думаның бекітуіне ұсынды

Ресей президенті Владимир Путин «Жаңа стратегиялық қаруды қысқарту туралы келісімді» (Жаңа СТАРТ) ұзарту туралы шешімі Ресей парламентінің төменгі қанаты Думаның бекітуіне ұсынды.

Думаның интернет парақшасында орын алған мағлұматтарға қарағанда Путиннің бекіту үшін ұсынған шешімде «Жаңа СТАРТ келісімінің» 5 жылдығына 2026 жылы 5 ақпан күніне дейін ұзатылуы қамтылады.

Кремль жасаған мәлімдемеде Путин мен АҚШ президенті Джо Байден арасында жүзеге асқан телефон әңгімесінде тараптардың «Жаңа СТАРТ» келісімінің мерзімін ұзарту тақырыбын қолға алғандары білдірілген болатын.

АҚШ-тың 1991 жылы Кеңес Одағы Үкіметімен және 1993 жылы Ресей Федерациясымен қол қойған Стратегиялық қаруды қысқарту туралы келісімдерінің (СТАРТ 1 және СТАРТ 2) жалғасы ретінде «Жаңа СТАРТ» келісімі Вашингтон мен Мәскеу арасындағы соңғы ядролық келісім болу ерекшелігіне ие.

Келісім ұзақ атымды ядролық қару тұмсықтарына және зымырандарға шектеу келтіреді.

2011 жылы 5 ақпан іске қосылған 10 жылдық келісімнің мерзімі 2021 жылы ақпан айында аяқталады.



Ұқсас жаңалықтар