Иран Сыртқы істер министрі Арменияда

"Арменияның территория тұтастығы - біздің қызыл сызығымыз" деді ол.

1572312
Иран Сыртқы істер министрі Арменияда

Иран Сыртқы істер министрі Мүхаммед Джевах Зариф Арменияның территория тұтастығының елінің қызыл сызығы екенін айтты.

Иран Сыртқы істер министрлігінің интернет парақшасындағы хабарға қарағанда, Зариф аймақ туры шеңберінде Әзербайжан және Ресейден кейін Арменияда әріптесі Ара Айвазянмен бас қосты.

Кездесуде екі ел қатынастары мен аймақтық тақырыптар қолға алынды. Зариф: «Армения Республикасын да қосқанда аймақтағы барлық елдің территория тұтастығы,  тәуелсіздігі және ұлттық егемендігі маңызды.  Арменияның территория тұтастығы – Иранның қызыл сызығы» деді.

Ол Арменияны Иранның «маңызды көршісі» деп атады. Джевад Зариф Армения мемлекеті мен премьер-министр Никол Пашинянның істерін мақтады.

Кездесуде Армения Сыртқы істер министрі де екі елдің жақсы көршілік және достық байланыстарына тоқталды. Иранның Арменияны төртінші экономикалық серігі екенін білдірген Айвазян қатынастарды жетілдірудің маңызын атап көрсетті.

Армениядағы кездесулері аяқталғаннан кейін Иран Сыртқы істер министрі Грузияға барып, Түркияға да келеді.



Ұқсас жаңалықтар