8,3 миллион адам көмекке мұқтаж

БҰҰ Гуманитарлық істер координация кеңсесі жазбаша хабарлама жариялады.

1572194
8,3 миллион адам көмекке мұқтаж

Оңтүстік Суданда гуманитарлық көмекке мұқтаж адам саны 8,3 миллионға жетті.

БҰҰ Гуманитарлық істер координация кеңсесі жазбаша хабарлама жариялап, қаншама жыл жалғасқан азаматтық соғыстың коронавирус пандемиясы және климат өзгерісімен қосылып елдегі жағдайды қиындата түкенін білдірді. Хабарламада «Қақтығыс, сенімсіз орта және табиғи апаттарға байланысты 2013 жылдан бері шамамен төрт миллион адам елінен көшіп кетті» деп айтылды. Елдегі экономикалық дағдарыс пен қалалардағы тауарлардың бағасына да назар аударылды.

Хабарларамада Оңтүстік Суданда гуманитарлық көмекке мұқтаж адам санының 8,3 миллионға жеткені баса айтылды.

«Аштық асқынып келеді. 2021 жылы 7,2 миллионнан астам кісі азық-түлік қауіпсіздігіне душар болады» деп айтылды.



Ұқсас жаңалықтар