Вакцина жарамсыз болып қалады

БҰҰ бас хатшысы ескертті.

1570957
Вакцина жарамсыз болып қалады

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш коронавирус вакцинасы даму жолындағы елдерге кешігетін болса, вирустың мутацияға ұшырап, одан сайын жылдам жұғатынын, онда қазіргі вакцинаның жарамсыз болып қалатынын айтты.

Бүкіләлемдік экономикалық форумның 2021 жылғы жиналысына видео конференция арқылы қатысқан БҰҰ бас хатшысы жаһандық экономиканың жандануының жалғыз жолының коронавирус вакцинасының әлемнің барлық жеріне жылдам таратылуы екенін білдірді. «Дамыған елдер өз азаматтарына егіп, даму жолындағы елдерді елемей сенімді боламыз деп есептесе, қателеседі» деді ол.
ол “Вирусты одан сайын жұқпалы қылатын, қазіргі вакциналарды жарамсыз қылып тастайтын мутация қаупі бар» деді.
Гутерриш вакцина қамдау мен таратылуының тең еместігіне назар аударып, ковид-19 вакцина өндіріс әлеуетін арттыру керектігін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар