Сирияда 5.2 балл жер сілкінді

Сирияның Хасеке қаласында болған жер сілкінісі Түркияның шекара аймақтарында да сезілді.

1571460
Сирияда 5.2 балл жер сілкінді

Сирияның Хасеке қаласында 5.2 балл жер сілкінісі болды.

Апат және төтенше жағдайлар  басқармасының мәліметіне қарағанда жер сілкінісі жердің 11 километр астында болған. Түркия уақытымен сағат 14.17-де тіркелген жер сілкінісінің орталығы Сирияның Хасаке қаласы екені білдірілді.

5.2 балл жер сілкінісі Түркияда Оңтүстік Шығыс Анадолы аймағындағы уәлаяттарда да сезілді. Әсіресе Мардин шекарасында тұратын азаматтар да жер сілкінісін сезді. 



Ұқсас жаңалықтар