Кейбір елдерде вирустың жағдайы

Үндістанда жаңа типті коронавирус індеті салдарынан қайтыс болған адам саны 153 мың 624-ке ұласты.

1571128
Кейбір елдерде вирустың жағдайы

Әлем көлемінде коронавирус салдарынан өлім-жітім екі миллион 150 мың 615-тен асты. Вирус жұқтырғандар саны 100 миллион 318 мың, сауығып кеткендердің саны 72 миллион 368  мыңға жетті.

Үндістанда жаңа типті коронавирус індеті салдарынан қайтыс болған адам саны 153 мың 624-ке ұласты. Елде вирус жұқтырғандар саны 10 миллион  677  мың болып тіркелді.

Ресейде Ковид-19 эпидемиясы салдарынан көз жұмған адам саны 70 мың 482-ге жетсе, вирус жұқтырғандар саны 3 миллион 756 мыңға ұласты.  

Израильде Ковид-19 эпидемиясы салдарынан 4 мың 498 кісі қайтыс болды. Елде вирус жұқтырған адам саны 612 мың 365-тен асты. 

Палестинада Ковид-19 эпидемиясы салдарынан көз жұмған адам саны 1 мың 967-ге жетсе, вирус жұқтырғандар саны 175 мың 416-ға ұласты.  

Ливияда жаңа типті коронавирус індеті салдарынан көз жұмған адам саны 1 мың 782-ге көбейді. Мемлекетте вирус жұқтырғандар саны 114 мың 429-ға жетті.  

Иракта Ковид-19 эпидемиясы салдарынан көз жұмған адам саны 13 мыңға жетсе, вирус жұқтырған адам саны 614 мың 576-ға ұласты.  

Жаңа типті коронавирус індеті салдарынан Біріккен Араб Әмірліктерінде 798 кісі қайтыс болды. Елде вирус жұқтырғандар саны 281 мың 546 болып тіркелді. 

Кувейтте Ковид-19 эпидемиясы салдарынан қайтыс болған адам саны 954-ке жетсе, вирус жұқтырғандар саны 161 мың 777-ге ұласты.  

Ковид-19 эпидемиясы салдарынан Катарда 248 кісі қайтыс болды. Мемлекетте вирус жұқтырғандар саны да 149 мың 296-ға көбейді. 

Солтүстік Кипр Түрік Республикасында жаңа типті коронавирус індеті салдарынан 14 кісі көз жұмды. Елде вирус жұқтырғандар саны 2  мың 71 болып тіркелді.

 


 

 



Ұқсас жаңалықтар