Италия үкіметі отставкаға кетті

Конте азанда премьер-министрлікте кабинетті жинап, отставкаға кететіндігін мәлімдеді.

1571489
Италия үкіметі отставкаға кетті

Италияда төрттік саяси партиялық коалицияның ыдырауымен басталған үкімет дағдарысы нәтижесінде премьер-министр Джузеппе Конте және үкіметі отставкаға кетті.

Елде 13 қаңтар күні коалицияның кіші ортағы Италия Вива (Iv) партиясының үкіметтен бас тартуымен парламенттегі көпшілік дауысты жоғалту қаупімен бетпе-бет қалған екінші Конте үкіметі отставкаға кетуге мәжбүр болды.

Конте азанда премьер-министрлікте кабинетін жинап, отставкаға кететіндігін мәлімдеді және министрлерге еңбектері үшін алғыс айтты.

Министрлер кеңесінен кейін Конте президенттік сарайға барып, үкіметінің отставкасын Италия президенті Сержио Маттареллаға берді.

Президенттік аппарат жасаған мәлімдемеде Маттарелланың Контенің отставкасын қабылдағаны, ертеңнен бастап парламентте өкілдік жасайтын саяси партиялармен кеңестің бастайтыны хабарланды.



Ұқсас жаңалықтар