Шығыс елдеріндегі вирустың жағдайы

Үндістанда жаңа типті коронавирус індеті салдарынан қайтыс болған адам саны 153 мың 508-ге ұласты.

1570314
Шығыс елдеріндегі вирустың жағдайы

Әлем көлемінде коронавирус салдарынан өлім-жітім екі миллион 2 мың 139 мың 791-ден асты. Вирус жұқтырғандар саны 99 миллион 804 мың, сауығып кеткендердің саны 71 миллион 779  мыңға жетті.

Үндістанда жаңа типті коронавирус індеті салдарынан қайтыс болған адам саны 153 мың 508-ге ұласты. Елде вирус жұқтырғандар саны 10 миллион 668  мың болып тіркелді.

Жапонияда Ковид-19 эпидемиясы салдарынан қайтыс болған  адам саны 5 мың 133-тен асса, вирус жұқтырған адам саны 366 мың 435-ке көбейді. 

Мысырда жаңа типті коронавирус індеті салдарынан  8 мың 959 адам қайтыс болды.

Тунисте Ковид-19 эпидемиясы салдарынан қайтыс болған адам саны  6 мың 234-ке ұласты. Мемлекетте вирус жұқтырған адам саны 197 мың 373 болып тіркелді. 

Жаңа типті коронавирус салдарынан Ресейде 69 мың 918, Иранда 57 мың 383, Оңтүстік Африкада 40 мың 874, Индонезияда 27 мың 845, Иракта 12 мың 993, Пәкістанда 11 мың 318 және Филиппинде 10 мың 242  кісі көз жұмды. 

 



Ұқсас жаңалықтар