"Бауырлас Әзербайжанның жерін қайтарып алғанына қуаныштымыз"

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммед Джевад Зариф Бакуге аттанды.

1570626
"Бауырлас Әзербайжанның жерін қайтарып алғанына қуаныштымыз"

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммед Джевад Зариф Әзербайжанның Таулы Қарабахтағы армяндар оккупациялаған жерлерін қайтарып алғанына қуанышты екендерін айтты.

Ресей, Армения, Грузия және Түркияны қамтитын аймақтық тур аясында Әзербайжан бас қаласы Бакуге барған Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммед Джевад Зариф әуежайда Иран БАҚ өкілдеріне берген мәлімдемесінде сапарының мазмұны туралы мәлімдеді.

Байланыстары шеңберінде аймақтық ынтымақтастықты қолға алатындарын атап көрсеткен Зариф «Бауырлас Әзербайжанның жерін қайтарып алғанына қуаныштымыз. Бүгінде Әзербайжан жері өз халқының қолында. Халықтың құтқарылған аймақтардағы үйлеріне тезірек оралуы үшін көмектескіміз келеді» деді.

Әзербайжандық лауазымдылармен Таулы Қарабахтағы тұрақтылық, бейбітшілік және қалпына келтіру тақырыптарын қолға алатындарын білдірген Зариф сондай-ақ транзиттік өтулер мен Солтүстік-Оңтүстік Қатынас коридорымен байланысты келіссөздер жүргізетінін де баса айтты.



Ұқсас жаңалықтар