Джонсон мен Байден сөйлесті

Екі басшы елдерінің ынтымақтастығын талқылады.

1569733
Джонсон мен Байден сөйлесті

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон Америка Құрама Штаттарының президенті Джо Байденмен телефонда сөйлесті.

Премьер-министрлік кеңсесінің хабарламасына қарағанда, Борис Джонсон Байденді құттықтады, екі ел арасындағы жақын одақтастықты тереңдетуге деген тілегін тілге тиек етті.

Премьер-министр Джонсон Байденнің климат өзгерісіне байланысты Париж келісіміне қайта қосылу шешіміне ризашылығын білдірді.  Екі лидер коронавирус пандемиясы себебімен әлемнің алдындағы емтихандаржәне климат өзгерісімен күресті талқылады.

Лидерлер екі ел арасындағы болуы мүмкін еркін сауда келісімінің пайдаларын қолға алып, шарттар мүмкіндік берсе, кездесуге келісті.



Ұқсас жаңалықтар