Мұхаммед Зариф Нетаньяхудың сөздерін сынға алды

Зариф жеке Твиттер аккаунтында хабарлама жариялады.

1568975
Мұхаммед Зариф Нетаньяхудың сөздерін сынға алды

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммед Джевад Зариф Ирактың бас қаласы Бағдаттағы шабуылдар мен Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың мәлімдемелерінің ортақ мақсатының АҚШ-тың жаңа президенті Джо Байденді Иранға қарсы тұзаққа түсіру екенін мәлімдеді.

Зариф жеке Твиттер аккаунтында жариялаған хабарламасында кеше Бағдатта болған жанкештілік шабуылдар мен Нетаньяхудың Байденді құттықтаған кездегі Иранды нысанаға алған сөздеріне наразылық көрсетті.

Иран Сыртқы істер министрі «Бағдаттағы лаңкестік шабуылдар мен Нетаньяхудың жалтақтаудың негізгі нысанасы - АҚШ-тағы тағы бір президентті тұзаққа түсіру арқылы америкалықтардың Иранға дұшпандығын оятып, олардың жандары мен мүліктерін ысырап ету. Нетаньяхудың бейшаралығына қарамастан Иранға бағытталған опасыз жоспарлар табыссыз аяқталады» деді.



Ұқсас жаңалықтар