Индонезияда құлаған жолаушылар ұшағына қатысты жұмыстар аяқталды

Индонезия Қатынас министрі тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

1568773
Индонезияда құлаған жолаушылар ұшағына қатысты жұмыстар аяқталды
endonezya ucak denize cicek.jpg

Индонезияда 9 қаңтарда жолаушылар ұшағы құлаған кезде қаза тапқандардың дене бөліктері мен ұшақтың сынықтарын іздестіру жұмыстарының аяқталғаны білдірілді.

Индонезия Қатынас министрі Буди Каря Сумади ұшақ құлаған аймақта іздеу құтқару жұмыстарын аяқтағандарын жариялады.

Ұлттық іздеу құтқару агенттігінің басшысы Багус Пурухито іздестіру жұмыстарында дене мүшелері салынған дорба санының 324-ке жеткенін атап, осы уақытқа дейін қайтыс болған жолаушылардың 43-інің куәлігінің анықталғанын мәлімдеді.

Пурухито теңізде және жағалау аймақтарда ұшақ сынықтары немесе дене бөліктері табылған жағдайда, тиісті топтардың тергеуді жалғастыратынын баса айтты.

Осы аралықта апаттан қаза тапқандарды еске алып, ұшақ құлаған аймақта теңізге гүлдер қалдырылып, дұға оқылды.

Еске алу шарасына Ұлттық іздеу құтқару агенттігінің басшысы Багус Пурухитоға қоса әртүрлі мекемелердің жоғары лауазымды тұлғалары және апатта қаза тапқандардың туыс-тамырлары қатысты.

9 қаңтар күні «SJ182» рейстік нөмірлі Боинг 737-500 жолаушылар ұшағы, 50 жолаушы және 12 адамнан тұратын экипажымен аспанға көтерілгеннен қысқа уақыт өткен соң бас қала Джакартаның солтүстік жағалауында Лаки мен Лансанг аралы арасында апатқа ұшыраған болатын.



Ұқсас жаңалықтар