Францияның үстінен шағым

Халықаралық азаматтық ұйымдар Франция әкімшілігінің үстінен  БҰҰ-ға шағымданды.

1568744
Францияның үстінен шағым

Халықаралық азаматтық ұйымдар Исламофобияны және мұсылмандарға қарсы жікшілдікті арттырды деген себеппен Франция әкімшілігінің үстінен  БҰҰ-ға шағымданды.

13 елден 36-дан астам үкіметтік емес ұйым Францияның Ислам пайғамбары Әз. Мұхаммед балағатталған карикатуралардың жариялануына қолдау бергеніне және талас тудырған жаңа заң жобасына шағымданды.
Шағымданған ұйымдар Францияның Исламофобияны асқындырғанын,  мұсылмандарға қарсы жікшілдікті арттырғанын айтып отыр.
Олар хабарлама жариялап, француз үкіметінің істерінің Ислам пайғамбарына бағытталған балағаттардың жариялануына анық көмек деген мағынаға келетінін білдірді.
Хабарламада сонымен бірге Франция мемлекетінің Исламофобиялық саясаттарының кеңейіп бара жатқаны атап көрсетілді. Үкіметтік емес ұйымдар осы саясаттардың тоқтатылуын сұрады.



Ұқсас жаңалықтар