Бағдат ДАИШ-ті айыптап отыр

Кеше жанкешті шабуылда 32 адам қаза тапқан болатын.

1568737
Бағдат ДАИШ-ті айыптап отыр

Ирак Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Халид Миханна Бағдаттағы кешегі жарылыстың артында террорлық ұйым ДАИШ бар екенін білдірді.

Халид Миханна Бағдатта жергілікті бір телеарнаға мәлімдеме жасады.

Ол 32 адам қайтыс болған жарылысқа ДАИШ террорлық ұйымы жауапты екенін айтты.
“Жарылыстың артында ДАИШ бар.  Бұл жарылыстың жауапкершілігін мойындамаса да, осы жарылыс арқылы өздерінің әлі жойылмағанын көрсеткісі келеді» деді ол.

Ирактың бас қаласы Бағдатта кеше бір базарда жанкешті шабуыл болған еді. Ирак қауіпсіздік орындары шабуылда 32 адамның қаза тауып, 110 адамның жарақат алғанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар