Трамп БАӘ-нің F-35 ұшағын сатып алу сұранысына рұқсат беріп кетті

Трамптың міндеттен кетудің алдында БАӘ-ге F-35 әскери ұшағын сатуға рұқсат беріп кеткені алға тартылды.

1568477
Трамп БАӘ-нің F-35 ұшағын сатып алу сұранысына рұқсат беріп кетті

Бұрынғы АҚШ президенті Дональд Трамптың міндетінің соңғы күнінде Біріккен Араб Әмірліктеріне (БАӘ) F-35 әскери ұшағын сатуды бекітетін бір келісімге қол қойғаны атап көрсетілді.

Рейтер ақпараттық агенттігі АҚШ пен БАӘ келісімі туралы нақты ақпарат көздеріне сүйенген хабарында Трамптың Абу-Даби әкімшілігіне 50 дана F-35 әскери ұшағы мен 18 қарулы пилотсыз ұшақ саудасына рұқсат бергенін атап көрсетті.

Міндетін кеше бастаған АҚШ президенті Байден болса аталмыш келісімге көз жүгіртетінін мәлімдеді.

АҚШ-тың Таяу Шығыстағы маңызды одақтастарының бірі ретінде БАӘ ұзақ уақыттан бері Вашингтоннан F-35 әскери ұшағын сатып алғысы келетін. БАӘ-нің бұл сұранысы Израильмен қарым-қатынастардың 2020 жылы қараша айында бір келісіммен қалпына келуімен күн тәртіпке келген болатын.



Ұқсас жаңалықтар