Ауғанстанда бомбалы шабуыл

Герат уәлаятында жасалған бомбалы шабуылда 6 полиция қызметкері жарақат алды.

1567360
Ауғанстанда бомбалы шабуыл

Ауғанстанның батысындағы Герат уәлаятында жасалған бомбалы шабуылда 6 полиция қызметкері жарақат алды.

Герат Полиция дирекциясы мәлімдемешісі Абдул Ахад Велизаде Гераттың Инжил ауданына қарасты Пул Малан аймағындағы полиция учаскесі маңына орналастырылған бомбаның жарылғанын атап көрсетті.

Герат Мемлекеттік ауруханасы Бас дәрігері Мұхаммед Рафик Ширзей шабуылда 6 полицияның жарақат алғанын мәлімдеді. Шабуылды қазірше ешкім мойындамады.



Ұқсас жаңалықтар