Трампты міндеттен босату үшін "импичмент" бабы қабылданды

Аталған импичмент бабына  Республикашыл 10 депутаттың «қабыл» дауысы беруі назар аударды.

1563479
Трампты міндеттен босату үшін "импичмент" бабы қабылданды

АҚШ Өкілдер Мәжілісінде болып өткен дауысқа салуда Президент Дональд Трампты «бүлік шығаруға шақырды» деген айып тағылған импичмент туралы бап қабылданды.

Міндетінен босату талап етілген жобада Трамп 6 қаңтар күні Конгресс басқыны алдында жасаған мәлімдемелері себепті сол күні болған «зорлық-зомбылықтың жауапкері» деп табылды.

Өкілдер Мәжілісі жалпы кеңесінде өткен дауысқа салуда Трамп «бүлікке шақырумен» айыптаған импичмент бабы 232 «қабыл», 197 «қарсы» дауыспен жалпы кеңестен өтті.

Аталған импичмент бабына  Республикашыл 10 депутаттың да «қабыл» дауысы беруі назар аударды.

Осылайша АҚШ-тың 45-ші президенті Трамп ел тарихында «міндеттен босату сұранысымен екі рет айыпталған алғаш президент» болып тіркелді.

Импичмент процесінің негізгі жауапқа тартуды қамтитын және Трамптың кінәсі бар-жоқтығын шешетін Сенаттың аталмыш дауысқа салуды қашан өткізетіні әлі белгісіз.

Сенаттағы Республикалық көпшілік төрағасы Митч МакКоннелл өзінің соңғы мәлімдемесінде Трампты жауапқа тарту отырысының 20 қаңтар күніне дейін өткізілмейтінін білдірді.

Осылайша Трампты Сенатта жауапқа тартудың Джо Байден кезеңіне қалатыны нақтыланды.

Сенаттың Трампты «айыпты» деп қабылдауы үшін 100 сенатордың кем дегенде 3-тен 2 бөлігі, яғни кем дегенде 67 сенатордың қабылдауы керек.

АҚШ Президенті Трамп Украина Президенті Владимир Зеленскиймен жасаған бір телефон әңгімесінің артынан 2019 жылы желтоқсан айында Өкілдер Мәжілісінде айыпталған 2020 жылы ақпан айында Сенаттағы отырыста ақталды.

Өкілдер Мәжілісіндегі демократтар болса Майк Пенсті Трампқа импичмент жариялау үшін конституцияның 25-ші қосымша бабын іске қосып, Трампты міндеттен босатуға шақыратын жобаны да кеше түнгі уақытта қабылдаған еді.

Пенс аталмыш бапты қолданғысы келмегенін нақты түрде тілге тиек еткен болатын.



Ұқсас жаңалықтар