Ұлыбританиядан Түркия-Грекия келіссөздеріне қолдау

Ұлыбританияның ЕО-қа жауапты мемлекеттік министрі Венди Мортон мәлімдеме жасады.

1562874
Ұлыбританиядан Түркия-Грекия келіссөздеріне қолдау

Ұлыбританияның ЕО-қа жауапты мемлекеттік министрі Венди Мортон Түркия мен Грекия арасында зерттеушілік келіссөздерінің қайтадан басталатынына ризашылығын білдірді.

Мортон зерттеушілік келіссөздердің Жерорта теңізінің шығысында тұрақтылықты қалыптастыруға көмектесетінін білдірді.

Венди Мортон Твиттер парақшасынан жасаған мәлімдемеде Түркия және Грекия «Ұлыбританияның жақын достары және НАТО-дағы мықты одақтастары» деді.

Түркия мен Грекия арасындағы зерттеушілік келіссөздерінің 61-ші турының 25 қаңтар күні Стамбулда өткізілетіні білдірілген болатын.



Ұқсас жаңалықтар