Ковид үшін Гейтс, Сорос және Рокфеллерді айыптады

Перуде бір сот осылай шешім шығарды.

1562834
Ковид үшін Гейтс, Сорос және Рокфеллерді айыптады

Перуде бір сот Microsoft компаниясының құрушысы Билл Гейтс, америкалық іскер Джордж Сорос және әлемдегі ең дәулетті отбасы Рокфеллерді коронавирусты ойлап тапты деп айыптады.

Әлемге ықпал еткен коронавирустың лабораторияда ойлап табылғаны туралы пікірлер қайта өршіді.

Перуде бір сот коронавирус эпидемиясының қалай таралғаны жөнінде зерттеу жүргізуге шешім қабылдады. Сот ковид-19-дың дәулетті элитадан шыққанын алға тартып,  мұның Гейтс, Сорос және Рокфеллердің қатесі екенін айтты.

Орыс баспасөзінде жарияланған хабарға қарағанда, «Билл Гейтс, Сорос пен Рокфеллер секілді жаңа әлем тәртібін жаратушылардан басқа ешбір тұлға немесе үкімет осы эпидемияның алдын алуға болатынын айта алмайды» деген сөздер соттың тергеу мәтнінде орын алған.

Баспасөзде кең орын алғаннан кейін Перу Жоғары соты тергеуге араласты. Осы шешімге қолтаңба басқан төрешілерге қарсы тергеу басталды.

 



Ұқсас жаңалықтар