Коронавируста соңғы жағдай

Әлем көлемінде ковид-19 эпидемиясы салдарынан өлім-жітім 1 миллион 970 мың 394-тен асты.

1562594
Коронавируста соңғы жағдай

Коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болған адам саны әлем көлемінде 1 миллион 970 мың 394-тен, расталған оқиға саны 92 миллион 22 мыңнан асты. Сауығып кеткендер саны 65 миллион 865 мыңға жетті.

Эпидемияның ошағына айналған АҚШ-та өлім-жітім 389 мың 621-ден асты. Елде вирус жұқтырған адам саны болса 23 миллион 369 мың болып тіркелді. Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы 26 қаңтардан бастап елге әуе жолымен келгендерден «Ковид-19» сынамасы талап етілетіні білдірілді.

Бразилияда эпидемия салдарынан қайтыс болғандар саны 204 мың 726-ға өсті. Елде расталған оқиға саны 8 миллион 195 мыңға көбейді.

Эпидемияда салдарынан көз жұмғандар саны 135 мың 682-ге жеткен Мексикада 1 миллион 556 мың адам вирус жұқтырды. Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Хуго Лопез-Гателл жасаған баспасөз мәлімдемесінде ел көлеміндегі 32 штатта мың адамнан тұратын бір жұмыс тобының апта сайын 439 мың адамға ковид-19 вакцинасы егетінін жариялады.

Ұлыбританияда соңғы 24 сағатта қайтыс болғандар саны 1 мың 243 артып, өлім-жітім 83 мың 203-ке жетті. Вирус жұқтырғандар саны 45 мың 533-ке көбейіп, 3 миллион 164 мың 51-ге өсті.

Италияда соңғы 24 сағатта қайтыс болғандар саны 616 артып, өлім-жітім 79 мың 819-ға жетті. Вирус жұқтырғандар саны 14 мың 242-ге көбейіп, 2 миллион 303 мың 263-ке өсті. Елде вакцина егілгендер саны 731 мың 539.

Францияда вирус салдарынан қайтыс болғандар саны 68 мың 802, вирус жұқтырғандар саны болса 806 мың болды.

Испанияда эпидемия салдарынан өлім-жітім 52 мың 683. Елде вирус жұқтырғандар саны 2 миллион 137 мыңға көбейді.

Германияда ковид-19 салдарынан қайтыс болғандар саны 43 мың 203, оқиға саны да бір миллион 957 мыңға өсті.



Ұқсас жаңалықтар