Байден Бас қолбасшы болады

АҚШ Бас штаб басқармасы   Байденнің АҚШ армиясының 46-шы  бас қолбасшысы болатынын хабарлады.

1562600
Байден Бас қолбасшы болады

Америка Құрама Штаттарында Джо Байденнің президенттік үшін ұлықтау рәсімі барысында тәртіпсіздік болатыны айтылып, ескертулер жасалуда. АҚШ Бас штаб басқармасы бір шешім жариялап,  Байденнің 20 қаңтар күні ант беріп, АҚШ армиясының 46-шы  бас қолбасшысы болатынын хабарлады.

Бас штаб төрағасы генерал Марк Миллей және басқа да күш қолбасшыларының қолтаңбасымен жарияланған шешімде «2021 жылдың 6 қаңтар күні Вашингтонда болған оқиға тікелей АҚШ Конгресіне, Капитолийге және біздің атазаң процесімізге шабуыл» деп айтылды. Шешімде АҚШ армиясының 250 жылдан бері атазаңды қорғау тақырыбында халық сенетін мекеме болғаны атап көрсетілді. «Тарих бойы болғанындай АҚШ армиясы азаматтық әкімшіліктен заң шеңберінде бұйрық алады,  адамдардың жаны мен мал-мүлкін қорғау және заң шеңберінде қоғамдық қауіпсіздікті қамдау үшін азаматтық билікке қолдау береді және іште және сырттағы жауға қарсы АҚШ атазаңын қорғауға тәуелді болады» деп айтылды.

6 қаңтар күні болған оқиғалардың атазаң және сөз бостандығымен сәйкеспейтіндігі білдіріліп: «20 қаңтар күні атазаңға сәйкес штат және соттар бекіткен, Конгресс мақұлдаған, сайланған президенті Джо Байден міндетке келеді және біздің 46-шы бас қолбасшымыз болады» деп айтылды.



Ұқсас жаңалықтар