Уильям Бернс-CIA төрағалығына үміткер

Ресейде өкілетті елші болған, 64 жастағы Уильям Бернс АҚШ Сыртқы істер министрлігінде 33 жыл қызмет атқарған.

1561458
Уильям Бернс-CIA төрағалығына үміткер

АҚШ-та 3 қарашада өткен сайлауда президент болып сайланған Джо Байден Орталық Хабар алу ұйымы (CIA) төрағалығына Уильям Бернсты үміткерлікке көрсетті. 

Байден тобынан жасалған мәлімдемеде Уильям Бернстың АҚШ пен халқының қауіпсіздігін қамдайтын ондаған жылдық тәжірибеге ие үлгілі бір дипломат екені білдірілді.

Байден Орталық Хабар алу ұйымы (CIA) төрағалығына үміткер ретінде көрсеткен Уильям Бернстің өзі сияқты "хабар алудың саясатпен қатысы жоқ" деген көзқараста екені білдірілген мәлімдемеде:

"Елші Бернс қауіптерді елімізге келуден бұрын тосады және онымен беттесу үшін қажетті мәлімет, пайымдау және көзқарастарды жеткізеді" деп көрсетілді.

 Ресейде өкілетті елші болған, 64 жастағы Уильям Бернс АҚШ Сыртқы істер министрлігінде 33 жыл қызмет атқарған.   



Ұқсас жаңалықтар