Чикагода бір кісі бес адамды өлтірді

Ол бір күнде жеті адамды атқан.

1560945
Чикагода бір кісі бес адамды өлтірді

Америка Құрама Штаттарының Чикаго қаласында қарулы бір кісі жеті адамды атты. Жеті адамның бесеуі қаза тапты.

Чикаго полициясы Джейсон Найтингейл деп аталатын қарулы кісінің бір күнде әр жерде жеті кісіні атқанын білдірді.  Жеті кісінің бесеуі қайтыс болды.

Қайтыс болғандар арасында бір университет студенті, бір мейрамхана қызметкері мен екі қауіпсіздік қызметкері де бар. Шабуылдаушы полициямен болған қақтығыста залалсыздандырылды.

32 жасар шабуылдаушының бұрыннан да  «қару мен есірткі заңдарын бұзу», «ұрлық», «қарумен шабуыл» секілді қылмыстары тіркелген.



Ұқсас жаңалықтар