Зеленский Ердоғанға алғыс айтты

Зеленский: "Президент Режеп Тайып Ердоғанға азаматтарымыздың босатылуына қосқан есесіне орай алғыс айтамын. Түркияның қолдауына борыштармын" деді.

1560021
Зеленский Ердоғанға алғыс айтты

Украина президенті Владимир Зеленский 2016 жылы Ливияда ұсталған украиналық теңізшілердің еліне оралуына жасаған жәрдеміне орай президент Режеп Тайып Ердоғанға алғыс айтты. 

Владимир Зеленский Твиттер желісінен жасаған мәлімдемесінде 5 жылдың алдында Ливия тарапынан ұсталған "Капитан Хайям" танкері экипажындағы теңізшілердің елге оралуына риза болғанын білдірді.

Украинаның азаматтарын әсте ұмытпағанын және қиын жағдайда тастамағанын айтқан Зеленский:

"Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға азаматтарымыздың босатылуына қосқан есесіне орай алғыс айтамын. Түркияның қолдауына борыштармын" деді.

Украина Мемлекеттік аппараты 7 қаңтарда Ливия теңіз айдынында 2016 жылы ұсталған "Капитан Хайям" танкері экипажындағы 4 Украина азаматының еліне оралатынын хабарлады.  



Ұқсас жаңалықтар