Кейбір елдердегі вирустың жағдайы

Үндістанда жаңа типті коронавирус індеті салдарынан қайтыс болған адам саны 150 мың 372-ге ұласты.

1559053
Кейбір елдердегі вирустың жағдайы

Әлем көлемінде коронавирус салдарынан өлім-жітім бір миллион 892 мың 74-тен асты. Вирус жұқтырғандар саны 87 миллион 672 мың, сауығып кеткендердің саны 63 миллион 157 мыңға жетті.

Үндістанда жаңа типті коронавирус індеті салдарынан қайтыс болған адам саны 150 мың 372-ге ұласты. Елде вирус жұқтырғандар саны 10 миллион 395 мың болып тіркелді.

Нигерияда Ковид-19 салдарынан көз жұмған адам саны 1 мың 319-ға көбейсе, вирус жұқтырғандар саны 92 мың 705-ке ұласты. 

Ковид-19 салдарынан  Ресейде 59 мың 951, Иранда  55 мың 830, Оңтүстік Африкада 31 мың 368, Индонезияда 23 мың 296, Иракта 12 мың 865 және Пәкістанда 10 мың 511 кісі қайтыс болды.



Ұқсас жаңалықтар