Францияда құс тұмауы

Егіншілік министрлігі хабарлама жариялап, қазірге дейін 200 мыңнан астам үй құсының жойылғанын білдірді.

1558704
Францияда құс тұмауы

Францияның оңтүстік батысындағы үйректер арасында тараған құс тұмауы вирусын бақылауға алу үшін 600 мың үй құсы жойылады.

Елдегі Егіншілік министрлігі хабарлама жариялап, қазірге дейін 200 мыңнан астам үй құсының жойылғанын білдірді.

Өткен жылдың соңында Францияда жұқпалы құс тұмауы оқиғалары тіркеліп,  мыңдаған үй құсы жойылған болатын. Егіншілік министрлігі интернет парақшасында 1 қаңтар күнінен бастап Францияның 61 жерінде H5N8 вирусының анықталғанын растады. Министрлік кейбір аймақтарда вирустың таралуының бақылауға алынғанын хабарлады.

Құс тұмауының H5N8 түрінің адамдарға жұқпайтыны белгілі.



Ұқсас жаңалықтар