Мексикада топтық мазарлар жиі кездеседі
Мексиканың батысында орын алған Джалиско провинциясында топтық мазар табылды.
Мемлекет баспасөзінде шыққан хабарға қарағанда Халиско провинциясына қарасты Эль-Сальто қаласындағы бір жерде жасалған қазба жұмыстарының нәтижесінде топтық мазардан 103 адамның мәйіті шықты.
Мәйіттер үстінде жүргізілген алғашқы тексерулерде екеуі әйел 30 адамның куәлігі туыстары тарапынан расталды.
Мексика ішкі істер министрлігі ұлттық іздеу комиссиясының қазан айында жариялаған рапорты бойынша Халискода 2006-2020 жылдары арасында жүргізілген қазбаларда табылған жасырынды мазарларда 897 адамның мәйіті анықталды.
Мемлекет көлемінде болса 2006 жылынан осы таңға дейін жасалған қазбаларда 4 мың 92 жасырынды мазардан жиыны 6 мың 900 адамның мәйіті шығарылды.
Ұқсас жаңалықтар
Газа секторында қаза тапқандар саны 36 мың 550-ге жетті
Израиль армиясы 7 қазан күнінен бері Газа секторындағы қырғындарын жалғастыруда.
Польшада тыңшылық операциялары аясында 18 адам ұсталды
Польша Ішкі қауіпсіздік қызметі желтоқсан айынан бері 18 адамды қамауға алынғанын хабарлады.