Йеменде балалар ашаршылықтан шетінуде

Йеменде 12 миллионнан астам бала жәрдемге мұқтаж.

1533049
Йеменде балалар ашаршылықтан шетінуде

Йеменде ашаршылық салдарынан 12 миллионнан астам баланың гуманитарлық жәрдемге мұқтаж екені білдірілді. 

Біріккен Ұлттар Ұйымы балаларға жәрдем қоры (UNICEF) төрағасы Хенриетта Форе жасаған мәлімдемесінде Йеменнің соңғы жылдарда ең үлкен ашаршылыққа душар болғанын түсіндірді. 
Форе Йемендегі жағдайға байланысты өте қауіпті кезеңнің келгенін баяндап: "12 миллионнан астам бала гуманитарлық жәрдемге мұқтаж" деді.
Форе 325 мыңнан астам сәбидің азық-түліктің жеткіліксіздігі себепті қалт-құлт өмір сүріп жатқанын айтты.

Форе Йеменде 5 миллионнан астам баланың болса кең таралған тырысқақ ауруына шалдыққанын атап өтті. 
Форе UNICEF-нің талай жылдан бері Йеменге жәрдем бергенін еске салып, ұйымның биыл гуманитарлық жәрдем жұмыстары үшін қажетті болған 535 миллионның орнына тек 237 миллион доллар ғана таба алғанына назар аударып, қосымша қаражатқа мұқтаж екенін түсіндірді. 


 



Ұқсас жаңалықтар