Киркукте топтық мазар табылды

Ирактың Киркук қаласында 50 адамның сүйектері бар топтық мазар табылды.

1532729
Киркукте топтық мазар табылды

Ирактың Киркук қаласында 50 адамның сүйектері бар топтық мазар табылды.

Киркук Операциялар қолбасшысы генерал майор Саад Харбийе Киркуктің Хавидже ауданында Решад ауданы маңындағы ауылдық аймақта террор ұйымы ДАИШ тарапынан өлтіріліп жерленген 50 адамның сүйегінің табылғанын мәлімдеді.

Топтық мазардың аймақтағы Ирак Федеральдық Полиция күшінің операциялары шеңберінде ортаға шығарылғанын атап көрсеткен Харбийе мазардағы мәйіттердің шығарылуына бағытталған жұмыстардың басталғанын атап көрсетті.

Мәйіттердің кім немесе кімдерге тиесілі екенін білмегендерін айтқан Харбийе куәліктерін анықталу үшін тергеу жұмыстарын бастағандарын білдірді.

Бұрынғы Ирак премьер-министрі Хайдар әл-Ибади 2017 жылы 9 желтоқсан күні ұйымға қарсы жеңіске жеткендерін жариялаған болатын.

ДАИШ террор ұйымының аймақтан шығарылуының артынан 3 жыл өткеніне қарамастан ұйым әсіресе Киркук, Дияла, Мосул, Салахаддин және Анбар уәлаяттарының ауылдық аймақтарында шабуылдарын жалғастыруда.



Ұқсас жаңалықтар