Жаңа вакцина 30 мың еріктіге егіледі

Janssen компаниясы жетілдірген коронавирус вакцинасының үшінші саты сынақтары тоғыз елде жүргізіледі.

1530111
Жаңа вакцина 30 мың еріктіге егіледі

Транс ұлттық Америка компаниясы Johnson&Johnson-ға қарасты Janssen компаниясы жетілдірген коронавирус вакцинасының үшінші саты сынақтарда тоғыз елде 30 мың ерікті азаматқа егілетіні білдірілді.

Медициналық өнімдер және дәрілер Испания агенттігі Janssen компаниясының ковид-19 вакцинасының үшінші саты клиникалық сынақтарының Испанияда басталуы үшін рұқсат берілгенін хабарлады. Агенттік мұның коронавирус вакциналары сынақтары арасындағы Испанияда берілген алғашқы рұқсат екенін атап көрсетті. Осы вакцинаның үшінші саты сынақтары Испаниядан басқа Бельгия, Колумбия, Франция, Германия, Филиппиндер, Оңтүстік Африка, Ұлыбритания және Америка Құрама Штаттарында еріктілерге де егіледі. Сынақ табысты өтетін болса, компания вакцинаны өндіруді бастайды.



Ұқсас жаңалықтар