Модерна да вакцинасының ықпалды екенін хабарлады

Модерна биотехнология компаниясынан да коронавирус вакцинасы жөнінде үміт беретін хабар келіп жетті.

1529278
Модерна да вакцинасының ықпалды екенін хабарлады

BioNTech-тен кейін Модерна биотехнология компаниясынан да коронавирус вакцинасы жөнінде үміт беретін хабар келіп жетті.

Модерна жүріп жатқан зерттеудің алғашқы нәтижесінің ковид вакцинасының 95,4 пайыз ықпалды екенін көрсеткенін білдірді. Компания директоры Др. Стефен Хог осы деректі «шыныменен маңызды бетбұрыс» деп атады. Хог екі бөлек компаниядан ұқсас нәтиженің шығуының «тамаша» екенін айтты.  «Бұл проблеманы Модерна жалғыз өзі шеше алмайды, жаһандық сұранысты қамдау үшін бірнеше вакцина керек» деді ол.

Модернаның Америка Құрама Штаттарында Ұлттық Медицина институтымен бірге жетілдірген вакцинасы қазір отыз мың адамда сынақтан өтуде.



Ұқсас жаңалықтар