Путин Қарабах кездесулеріне Түркияның қатысуы керектігін айтты

Путин Қарабах кездесулеріне Түркияны қамтыған Минск тобындағы елдердің қатысуы керектігін білдірді.

1518258
Путин Қарабах кездесулеріне Түркияның қатысуы керектігін айтты

Ресей президенті Владимир Путин Таулы Қарабахтағы мәселелерді шешу кездесулеріне Түркияны қамтыған көптеген елдің қатысуы керектігін айтты.

Қарабахта атысты дереу тоқтатуға шақырған Путин бейбітшілік кездесулерінде Түркия қатарлы елдердің ұсыныстарын ескеруге шақырды.

Путин ұзақ уақыттық шешімнің тек Армения мен Әзербайжанның мүдде тепе-теңдігін сақтаумен іске асатынын айтты.

Владимир Путин:

"Алғашқы сатыда әскери әрекеттер тоқтау керек, жан шығыны болмасын, кездесу ұстеліне Түркияны қамтыған Еуропа Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымы Минск тобындағы елдердің қатысуымен тең төрағалар Ресей, Франция, АҚШ тарапынан дайындалған үсыныстарды негіз еткен ұқсас көзқарас пен мүдде теңдігі сақталуы қажет. Бұл қолымыздан келеді" деді.  



Ұқсас жаңалықтар