Сиднейде мешітке шабуыл жасалды

Сидней қаласындағы Оберн Гелиполи мешітіне кірген шабуылшылар мыңдаған долларлық зиян салды.

1515635
Сиднейде мешітке шабуыл жасалды

Австралияның астанасы Сидней қаласындағы Оберн Гелиполи мешітіне аты-жөні белгісіз адамдар шабуыл жасады.

Дін Істері Басқармасына қарасты Оберн Түрік Ислам Мәдениет орталығы басшылығындағы Гелиполи мешітіне кірген ер адамдар мешіттің үстіңгі қабатындағы шырақтарды, терезе әйнектерін шақты, мыңдаған долларлық материалдарды күйретті, мешітке ауыр зиян салды.

Шабуыл кезінде кейбір азаматтар шабуылшыларды ұялы телефонға түсіріп, полицияға хабарлады.

Полиция аты жарияланбаған шабуылшыларды ұстады. 



Ұқсас жаңалықтар