Киркукте 45 мәйіті бар мазар табылды
ДАИШ тарапынан өлтірілгені алға тартылған 45 кісінің мәйіті көмілген топтық мазар табылды.
Ирактың Киркук қаласында террористік ұйым ДАИШ тарапынан өлтірілгені алға тартылған 45 кісінің мәйіті көмілген топтық мазар табылды.
Қорғаныс министрлігіне қарасты Соғыс майданы желісінен жасалған жазбаша мәлімдемеде:
"Киркук қаласының Хавиже ауданының Рияд өңірінде террористік ұйым ДАИШ тарапынан өлтірілгені алға тартылған 45 кісінің мәйіті көмілген топтық мазар табылды" деп хабарланды.
Топтық мазар аймақта қауіпсіздік бақылауындағы полиция тарапынан байқалған.
Рияд аймағы Давуд Бакара ауылы маңында табылған топтық мазардағы мәйіттер шығарыла бастағаны білдірілді.
Ирак күштері террор ұйымы ДАИШ-тың қолынан Хавиже және оған қарасты 4 қалашықты 2017 жылы 5 қазанда құтқарған.
Ұқсас жаңалықтар
Пәкістандағы көмір шахтасында 11 адам қаза тапты
Кветта Қалалық тау-кен инспекторы Абдул Гани Балоч мәлімдеме жасады.
Рафах қаласында ешқандай функционалды аурухана қалмады
Газаның Рафах қаласында ешқандай функционалды аурухана қалмағаны хабарланды.