Жүз жасағандар саны артты

Жапонияда әйелдер ғасырдан астам өмір сүрген адамдардың 88 пайызын құрайды.

1491232
Жүз жасағандар саны артты

Жапонияда 100 жасынан асқан адамдардың саны бірінші рет 80 мыңнан асты.

Денсаулық, еңбек және молшылық министрлігі тұрғын деректеріне сүйеніп жүз жасынан асқандардың тізімін жаңалады. Осыған орай бір ғасыр өмір сүрген азаматтар саны 9 мың 176 артып, 80 мың 450-ге жеткен.

Жүз жасынан асқан адамдардың саны елу жылдан бері артып келе жатқан Жапонияда әйелдер ғасырдан астам өмір сүрген адамдардың 88 пайызын құрайды.

Жүз жасағандар ең көп Шимане уәлаятында тұрады.  Артынан Кочи және Тоттори уәлаяттары келеді.

Жапонияда 2019 жылдың деректеріне қарағанда, орташа өмір әйелдер үшін 87,45, ерлер үшін 81,41 жыл.



Ұқсас жаңалықтар