Грузияда той мен жаназаға тыйым салынды

Вирус салдарынан қайтыс болғандардың саны Оңтүстік Африкада 15 мың 168, Иракта 7 мың 732, Пәкістанда 6 мың 365 болды.

1488037
Грузияда той мен жаназаға тыйым салынды

Әлем көлемінде коронавирус салдарынан қайтыс болғандардың саны 908 мың 50 болды.  Расталған оқиға саны 28 миллон 29 мың 550-ге жетті.  Сауығып кеткендердің саны болса 20 миллион 106 мың 115-тен асты. 

Үндістанда 1201 адам қайтыс болып,  ковидтен қайтыс болғандардың жалпы саны 75 мың 91-ге жетті.  Вирус жұқтыру оқиғасы да 95 мың 735 артты.  Барлығы 4 миллион 465 мың 863-ке жетті. 

Эпидемияда 19 адам қайтыс болған, 1773 адам вирус жұқтырған Грузияда жабық және ашық алаңдарда 10-нан көп адам қатысатын той және жаназа секілді шараларға тыйым салынды. 

Қазірге дейін 1634 адам қайтыс болған және 106 мың 584 оқиға тіркелген Қазақстанда Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді елінің ковид вакцинасы жетілдіргенін және вакцинаның жаппай өндірісінің ақпан айында басталатынын хабарлады. 

Вирус салдарынан қайтыс болғандардың саны Оңтүстік Африкада 15 мың 168, Иракта 7 мың 732, Пәкістанда 6 мың 365 болды.



Ұқсас жаңалықтар