Бельгияда қала әкімінің "жүрегі" табылды

1839 жылы қайтыс болған қала әкімі Пьер Дэвидтің құмыраға салынған жүрегі мұражайда көрмеге қойылды.

1484431
Бельгияда қала әкімінің "жүрегі" табылды

Бельгияның Вервье қаласындағы бір су құдығының реставрация жұмысы кезінде аймақтың алғашқы қала әкімінің "жүрегі" табылды.

1839 жылы қайтыс болған қала әкімі Пьер Дэвидтің 20 тамызда жұмысшылар тарапынан табылған және мырыш құтының ішіндегі құмыраға салынған жүрегі қаладағы Көркемөнер мұражайындағы көрмеге қойылды. 

Құтының үстіне "Пьер Дэвидтің жүрегі осы ескерткішке 1883 жылы 25 маусымда қойылды" деп жазылған.

Қалада өрт сөндіру ұйымын құрған кісі ретінде танымал Пьер Дэвид 68 жасында жерге жығылу себепті қайтыс болған.    



Ұқсас жаңалықтар