Түркия-Марокко байланысы дамып келеді

MAP-тың жариялаған рапортында Түркия мен Марокко арасында құрметті негіз еткен текті тарихи байланыстар бар екені атап көрсетілді.

1459310
Түркия-Марокко байланысы дамып келеді

Марокко Түркиямен саяси және экономикалық салаларда үмітті ынтымақтастық күшіне ие екенін білдірді.

Марокконың ресми хабар агентті MAP-тың жариялаған рапортында Түркия мен Марокко арасында құрметті негіз еткен текті тарихи байланыстар бар екені атап көрсетілді. 

Рапортта Анкара мен Рабаттың саяси және экономикалық салаларда  үміт беретін ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктері болғаны және екі елдің де күшті, жалғастыруға болатын саяси және экономикалық өрісті қалыптастыруға талпынғаны білдірілді.

Президент Режеп Тайып Ердоған мен Марокко королі 6. Мұхаммедтің лидерлігінде қарым-қатынастардың дипломатиялық және сауда келісімдерімен күшейгеніне меңзелген рапортта екі елдің Африка мен Азия территориясында өздері үшін дәстүрлі емес экономикалық салаларға жету үшін әсерлі де үмітті экономикалық жандылық жарататыны баяндалды.

Рапортта  сауда байланыстарында ынтымақтастық алаңдарын түрлендіру және тың инвестиция мүмкіндіктерін қалыптастыру арқылы Түркия мен Марокко арасындағы қарым-қатынастардың мол өнім беретіні білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар