Вакцина сынақтары жалғасуда

Ұлыбританияда коронавирус вакцинасы бірінші рет адамдарға егілді.

1443368
Вакцина сынақтары жалғасуда

Ұлыбританияда  Imperial College London  Университеті жетілдірген коронавирус вакцинасы бірінші рет адамдарға егілді. 

Университет сынақ шеңберінде вакцинаның Лондондағы медициналық орталықта бірінші рет бір адамға шағын дозада салынғанын білдірді. Сынақтан өтушіге төрт аптадан кейін екінші доза беріледі. Вакцина бірінші сатыда ерікті 15 адамда сынақтан өтеді. 

Бірге жүргізілетін бірінші және екінші саты клиникалық сынақтарда вакцинаға ерікті 300 адамға вакцина егіледі. Сынақтар табысты болса,  үшінші сатыда алты мың адамға салынады.

Сонымен бірге Оксфорд Университеті тарапынан жетілдірілген басқа бір вакцинаның Ұлыбританияда басталған сынақтары Бразилия және Оңтүстік Африкадағы медициналық орталықтарда да жүргізілуде. 

Жаңа вакцина үшін Үлыбританиядағы сынақтарға қазірге дейін 4 мың адам ерікті ретінде қосылды.  Сынақтар он мың адамға дейін кеңейтіледі.



Ұқсас жаңалықтар