Ганада жолаушы қайығы суға кетті

Апат кезінде 1 адамның мәйіті табылып, 24 жолаушының із-түссіз жоғалғаны білдірілді.

1427193
Ганада жолаушы қайығы суға кетті

Ганада жолаушы тасымалдаған бір қайық суға кетіп, 1 адам қаза тапты. Апатта 24 жолаушы із-түссіз жоғалды.

Ұлттық Апат және әкімшілік басқару қоғамы (NADMO) жасаған мәлімдемеге қарағанда елдің шығысындағы Волта көлінде Агаларкоп қаласынан Джемени ауылына жолаушы тасымалдаған бір қайық шамадан тыс жүк артылғаны себепті суға кетті.

Мәлімдемеде оқиға орнына жіберілген іздеу-құтқару жұмыстарында 1 адамның мәйітінің судан шығарылғаны, 24 адамның із-түссіз жоғалғаны атап көрсетілді.

Лауазымдылар жоғалғандарды іздеу-құтқару жұмыстарын жалғастырғандарын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар