АҚШ-та қанды оқиғалар болуда

Шерушілер астана Вашингтон, Миннеаполис, Чикаго, Денвер, Лос-Анджелес, Хьюстон, Луисвилл, Феникс, Колумбус сынды көптеген қалада көшеге шықты.

1427067
АҚШ-та қанды оқиғалар болуда

Америка Құрама Штаттарында  Миннесота штатында  қарусыз америкалық азамат Джордж Флойд полицейлердің қолынан қаза тапқан еді. Осы оқиғаға халықтың наразылықтары жалғасуда. 

Қара нәсілді америкалықтарды үнемі нысанаға алған және бірнеше адамның өліміне себеп болған полицейлердің ұрып-соғуына қарсы көптеген қала және штатында ереуілдер ұйымдастырылды. Осы ереуілдер ұлғайып қанды қақтығыстарға айналды. 

Әуелі Миннеаполис штатының ірі қаласында, содан кейін Вашингтонда, Атлантада, Нью-Йоркта және елдің басқа да ірі қалаларында қарсылық шарасына қатысушылар мен полицейлер арасында қақтығыс болды. Флойдтың мойнына тізесін қойып, тұншықтырған бұрынғы полицей қамауға алынды.

Шерушілер астана Вашингтон, Миннеаполис, Чикаго, Денвер, Лос-Анджелес, Хьюстон, Луисвилл, Феникс, Колумбус сынды көптеген қалада көшеге шықты. 

Вашингтон, Алтанта, Чикаго, Денвер, Лос-Анджелес, Сиэтл және Сан Франсиско сынды үлкен қалалар қамтылған кем дегенде 40 қалада коменданттық сағат енгізілді.

Калифорниядағы қалаларда көптеген дүкен тоналса, Иннеаполис қаласындағы ереуіл барысында шыққан қақтығыстарда екі адам көз жұмды. 

Нью-Йорктың бірқатар аймағындағы ереуілдерде шерушілер мен полиция арасында қақтығыс болды. Оқиғада ондаған шеруші ұсталды, бір полиция көлігі өртенді. 

Қарсылық шаралары көп штатта жалғасты. Лос-Анджелес, Чикаго, Денвер, Хьюстон, Луисвилл, Феникс, Колумбус пен Мемфисте демонстранттар мен полицейлер арасында қақтығыс болды. Атлантада қарсылық танытушылар ғимараттарды қиратып, Си-эн-эн телекомпаниясының штаб-пәтеріне жақын жердегі полиция көліктерін өртеді. 

 



Ұқсас жаңалықтар