Канадада қаруларға тыйым салынды

Трюдо Министрлер кабинетінің тыйым шешімінің дереу күшіне енгенін білдірді.

1409207
Канадада қаруларға тыйым салынды

Канадада әскери сынып шабуыл қарулары категориясындағы 1500 модельдің сатып алынуы,  сатылуы, қасында ұстау, импорты немесе қолданылуына тыйым салынды. 

Премьер-министр Джастин Трюдо баспасөз мәслихатын ұйымдастырып, 18 сәуірде Нова Скотиа штатында 23 адамның өліміне себеп болған шабуылдың елді қатты қинағанын еске салды. Трюдо Министрлер кабинетінің тыйым шешімінің дереу күшіне енгенін білдірді. “Енді елде әскери сынып шабуыл қаруларына тыйым салынады” деді ол. 

Трюдо осындай қаруларды бұрын алған адамдардың тыйымға бағынуы үшін екі жылдық кешірім мерзімі болатынын айтты. 

Канада Қоғамдық қауіпсіздік министрі де тыйымға бағынбағандардың жазаландырылуына байланысты заң шығарылатынын айтты. 


 



Ұқсас жаңалықтар