Джонсон күнделікті баспасөз жиналысына қатысады

Борис Джонсон жаңа коронавирустан сауығып, кеше кеште жұмысына оралды және бүгін өз міндетін орындауға кірісті.

1405784
Джонсон күнделікті баспасөз жиналысына  қатысады

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон жаңа коронавирустан сауығып,кеше кеште жұмысына оралды және бүгін өз міндетін орындауға кірісті. 

Кеше кеште премьер-министрлік жұмыс офисіне қайтқан Джонсон бүгін видеоконференция арқылы Министрлер кеңесі жиналысына төрағалық жасайды. 

Джонсон кұнделікті баспасөз жиналысына да қатысады. 

Осы барыста "Telegraph" газетінің хабарына қарағанда Джонсон осы апта шараларды жеңілдететіні жайлы жоспарлар жариялайды. 

Газетке мәлімдеме жасаған Джонсонның бір орынбасары премьер-министрдің шараларды жеңілдету мүмкіндігі болғанын баяндады. 

Еске сала кетейік, 55 жастағы британдық премьер наурыз айының соңында коронавирус жұқтырып алған. Ал 5 сәуірде ауруханаға жатқызылған болатын. Келесі күні саясаткердің жағдайы нашарлап, қарқынды терапияға ауыстырылды. 9 сәуірде премьер-министр ауруханадан шыққан.

 



Ұқсас жаңалықтар